«Оскар» иегерлері анықталды: «Земля кочевников» марапатталды

cover

Лос-Анджелесте 93-ші «Оскар» марапаттау рәсімі өтті. Жылдың үздік фильмі номинациясы бойынша Оскарды «Земля кочевников» фильмі алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Фильм сюжеті 60 жасар Ферннің оқиғасына құрылған, ол жұмысынан айрылып, маусымдық табыс табу үшін Америка арқылы саяхатқа шығады.

Осы фильмнің режиссері Хлое Чжао да жеке сыйлық алды. Ол жүлде тарихындағы ең үздік екінші әйел режиссер ретінде Оскар иеленді.

«Үздік актер» номинациясы бойынша «Оскар» «Отец» фильмінде деменция кейіпкерін ойнаған 83 жастағы Энтони Хопкинске бұйырды. Энтони Хопкинс тарихтағы басты рөл үшін Оскар алған ең қарт актер болды.

2021 «Оскар» иегерлері:

  • Үздік фильм – «Земля кочевников»
  • Үздік актер – Энтони Хопкинс («Отец»)
  • Үздік актриса – Фрэнсис МакДоманд («Земля кочевников»)
  • Үздік режиссер – Хлое Чжао («Земля кочевников»)
  • Қосымша рөлдегі үздік актер – Даниэль Калууя («Иуда и черный мессия»)
  • Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Юн Йо-джунг («Минари»)
  • Үздік анимациялық фильм – «Душа»
  • Шет тіліндегі үздік фильм – дат режиссері Томас Винтербергтің «Еще по одной»
  • Үздік сценарий – Эмералд Феннелл («Девушка, подающая надежды»)
  • Үздік қысқаметражды фильм – «Два далеких незнакомца»
  • Үздік анимациялық қысқаметражды фильм – «Если что-то случится, я люблю вас»
  • Үздік бейімделген сценарий – француз жазушысы және драматургі Флориан Целлердің «Отец»
  • Үздік қысқаметражды деректі фильм – «Колетт»
  • Үздік деректі фильм – «Мой учитель-осьминог»

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар