Оскар алған анимациялар: Бейбітшілік жаршысы Миядзакидің соңғы туындысы

Анимация ұзақ уақыт бойы өз деңгейінде бағаланбады. Тек режиссерлер әлемдегі ең беделді кино жүлдесі – «Оскарды» жеңіп алып, оның да бір өнер екенін көрсеткеннен кейін ғана ел мойындай бастады. Әрине, анимацияның осындай дәрежеге жетуі – жаңа технологиялардың жетістігі мен режиссерлердің еңбегінің арқасы.
Orda.kz тілшісі осы саланың данышпаны, ұлы дарын иесі, табиғаттың кез келген құбылысына қызығып, зерттеуге талпынған таңғажайып жан, мәңгі бейбітшіліктің жаршысы, анимацияларымен әлемді мойындатқан, тұңғыш рет аниме жанрында «Оскарды» жеңіп алған тұлға – Хаяо Миядзакидің шығармалары жайлы баяндағалы отыр.
«Иракқа бомба тастаған елге барғым келмеді»
2024 жылы оның «Бозбала мен ақ құтан» (Бала мен құс) атты шығармасы «Оскарды» жеңіп алды. Оның шығармаларының бәрі соғысқа, қатыгездікке қарсы. Тіпті 2003 жылы «Елес ерткендер» атты толықметражды анимациясы «Оскарды» жеңіп алғанда, жүлдені алуға АҚШ-қа бармады. Бұл жайлы сұрағанда «Иракқа бомба тастаған елге барғым келмеді» деп қысқа қайырды.
Миядзаки 1941 жылы Токиода Тынық мұхиты соғысы кезінде дүниеге келді. Әкесі Катсуджи Миядзаки соғыс кезінде A6M Zero ұшақтары бөлшектерін шығаратын Miyazaki Airplane зауытының директоры болған. Алайда әуе шабуылдары жиі болғандықтан оның ата-анасы үнемі көшіп-қонып жүрді. Бұл естеліктердің бәрі оның шығармаларында көрініс тапты десек болады. Оның ұшақтарға деген махаббаты бірнеше анимациясында айқын көрінеді. Ал соғысқа деген жек көрініш оның жүрегіне сол қиын балалық шағынан бастап ұялаған шығар.

Тіпті ол 2014 жылы «әлемдік анимацияға қосқан зор үлесі үшін» атты құрметті Оскар марапатын алу рәсімінде де соғыс жайлы айта кетеді.
«Әйелім маған жолы болғыш еркексің дейді»...
Дәл осылай басталған сөзін аудармашы аударғанда аудитория күледі. Олар мұны шамасы әзіл деп қабылдады.
«Мен де өзімді жолы болғыш санаймын. Себебі ешбір соғыссыз ақ қағазбен, қарындашпен анимациялық фильм жасай алатын ғасырда тудым. Жолымның болғыштығына тағы бір дәлел - фильм түсірген 50 жыл бойы менің елімде соғыс болған жоқ. Бүгін мисс Мори мен О Хара ханымды көргенім үшін қуаныштымын. Осы өмірде осылай жолым болғаны үшін бақыттымын», — деді Миядзаки сөзін аяқтап.
Сарбаздардың «құбыжыққа» айналуы
Оның соғысқа деген жек көрініш пен бейбітшілікті дәріптейтін «Көшпелі қамал» атты толықметражды анимациясында бұл ой ашық айтылды. Онда соғысқа қатысқан сарбаздар «құбыжыққа» айналады да, қайтадан адами қалпына келе алмай қалады. Яғни, адам өлтірген сәттен бастап сарбаздың ішіндегі адам өледі де, тек «құбыжық» қалады.

Аниме жанрында тұңғыш «Оскар» жеңіп алған «Елес ерткендер» толықметражды анимациясы голливуд стандарттарынан мүлде өзгеше болды. Сол ерекшелігімен американдық анимацияның дәстүрлі нормаларынан ерек «Оскар» алған алғашқы жапон фильмі ретінде тарихта қалды.

Қарт Миядзакидің ғажайып әлемі
Миядзакидің «Оскар» сыйлығын жеңіп алған екінші туындысы — «Бозбала мен құтан» (Бала мен құс). Оның осы соңғы шығармасы ешқандай жарнамасыз-ақ жүздеген миллион доллар жинады. Мәселе осынша қаражат жинағанында да емес. Ешбір жарнамасыз таралып, танылып кеткені, көпттің іздеп жүріп көргені — бүкіл әлем бойынша көрермендердің ерекше ықыласы көрсетті.
Әрине, бұл шығармада да бейбітшілік жаршысы Миядзаки соғысты сынады. Өзге әлемге аяқ басу, таңғажайып кейіпкерлер, түс пен өңнің арасында жүргендей көрерменді жалықтырып алмайтын ауыспалы сюжеттер... Осының бәрін «Бозбала мен құтан» анимациясынан көруге болады. Бір қызығы Миядзаки алдын ала сценарий жазбайды. Оқиғасының соңы немен бітетінін өзі де білмейді. Сондықтан болар оның шығармалары жұмбақтығымен тартады.
Махико есімді ұл бала екінші дүниежүзілік соғыста анасынан айырылып қалады. Әкесінің басқа әйелге (Махиконың апайына) көңілі кетіп, тағы шаңырақ көтереді. Бала өзін әуелде анасының өліміне кінәлаумен болады. Алайда таңғажайып құтанды жолықтырады. Құс оған анасының тірі екенін айтады. Осылай кейіпкер арғы өмірге сапар шегеді. Режиссердің туындыларының бәрі дерлік балаларға арналған. Осы соңғы шығармасы да немерелеріне «өсиет» ретінде жолданған секілді. Бір жағы бұл туындыда Миядзаки өзінің жан дүниесін жайып салады. Бас кейіпкердің толғанысы, ішкі сезімі, бұлқынысы, күресі дәл режиссердің өмір жолымен үндеседі. Сюрреалистік әлемге сүңгуге композитор Дзё Хисаисидің музыкасы да ерекше ықпал еткен. Туындыны тамашалағаннан кейін таңғажайып әсерде қаласыз. Себебі бұл көркем эстетика тілімен, метафорамен және терең толғаспен шыққан туынды.
Кейбір сыншылар оны өз шығармаларын көшірді деген пікірлер айтты. Расында кейіпкерлер мен кадрларда бұрынғы шығармаларға ұқсас жерлері бар. Алайда данышпан режиссер өзінің деңгейін бұған дейін дәлелдеп қойған. Бұл шығарма сол шығармаларлың «жиынтығы» деуге келетін шығар.
Осы туынды «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Алайда бұл рәсімге де Миядзаки бармады. Ghibli студиясының бас продюссері фильмнің продюссері Киёфуми Накадзимадан сәлем жолдады. Онда ол «Оскар» сыйлығын алу үлкен мәртебе екенін айтып, алғысын білдірді. Накадзима олардың қартайғанын айтып, сондықтан келе алмағанын жеткізді.
Еске сала кетсек, биыл Миядзаки 82 жасқа, ал Судзуки 75 жасқа келді. БАҚ «Бозбала мен құтан» оның соңғы туындысы деп шулаған еді. Алайда Хаяо Миядзакидің ұлы Горо Миядзаки әкесінің тағы бір тағы бір туынды жасағалы жатқанын мәлімдеді. Режиссер тағы бір ғажайып шығармасымен елді қуантады деп үміттенеміз.
Жаңалықтар
- Таразда мектеп оқушысын зорлаған жасөспірімдерге үкім шықты
- Оқушысын зорлаған әскери дайындық пәнінің мұғалімі апелляциялық шағым түсірді
- «Әкең қазақ болса ғана қазақсың»: Қазақстанда қазақ екеніңді қалай дәлелдеуге болады?
- Қазақстандықтардың жеке деректері желіге тарады: 16 миллион адамның ЖСН мен телефоны жария болды
- Тоқаевты балағаттаған блогерге үкім шықты
- Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайын Астана меншікке қабылдамайтын болды
- 2 жасар бала күнбағыс дәнегіне тұншығып көз жұмды
- Иран мен Израильде 351 қазақстандық бар – СІМ
- Тоқаев Қытай басшысын әуежайдан өзі қарсы алды
- Қазақстандық әуе компаниялар қақтығыс жүріп жатқан аймақта ұшып жатыр
- ІІМ Санжар Боқаевты экстремистер тізіміне қосты
- АЭС-тің жыры: Апат болса, жауапкершілікті кім мойнына алады?
- «Миы шайқалды»: Таразда әскерге шақырылған жігіт көлікке басын ұрып, қарсылық көрсетті
- «Көлігінің кілтін қалдырды»: Мұқағалидың ұлы ақынды балағаттаған блогерді кешірді
- Қазақстанға келе жатқан Қытай төрағасы нені көздеді?
- «Хуторлықтар ұрды»: Қаржаубай Нұрымовтың ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады
- Басшысының саусағын балтамен шауып тастаған күдікті бостандықта жүр
- Алматы облысында қоғам белсендісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды
- Құрылысы 10-12 жылға созылатын АЭС несиеге салынбақ
- Қазақстанда АЭС салатын «Росатом» қандай технология қолданады?