Оралда 21 жастағы сарбаз өзін атып өлтірді

cover

Оралда шақырылған әскери қызметкер өзіне оқ атып, көз жұмды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі «оқиға 16 маусым күні таңғы сағат 05:30-да болды» дейді.

Сарбаз Ақтөбе қаласынан шақыртылған. 5517-әскери бөлімінде мерзімді қызметін атқарып жүрген.

Қатардағы жауынгер 21 жастағы Қ. қарауылда өзіне берілген қарумен иегінің астынан оқ атып, өзіне қол жұмсады.

Ол бірден жедел жәрдеммен облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Қолданылған шараларға қарамастан сарбаз көз жұмды.

Оқиғаны БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі растады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар