Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрт кезінде жоғалған Қазақстан азаматы: СІМ мәлімдемесі
Фото: gov.kz
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында Оңтүстік Кореядағы зауытта болған өрттен кейін Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Аталған жағдайға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиғаға қатысты жауап берген ҚР СІМ мәліметінше, 30 қаңтар күні Ымсон уезіне қарасты Мэндон-мён қаласында азық-түлік пен сусын өндіретін кәсіпорында өрт шыққан. Бұған дейін корейлік БАҚ-та өрт ылғалды майлықтар мен жөргектер шығаратын зауытта болғаны туралы хабарланған еді.
«Өрттен кейін 81 қызметкер бірден эвакуацияланды, алайда екі жұмысшының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бір азаматының қайда екені белгісіз болып отыр. Полиция мен өртке қарсы қызметтің дерегінше, 31 қаңтар күні таңертең өртенген цехтың ішінен жеке басы анықталмаған мәйіт табылды», деп хабарлады ҚР СІМ.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, марқұмның жеке басын анықтау үшін полиция Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жүгінген.
«Қазақстанның елшілігі полициямен және өртке қарсы қызметпен, сондай-ақ жоғалған ҚР азаматының туыстарымен тұрақты байланыста. Бұл мәселе министрліктің ерекше бақылауында» деп жазылған СІМ хабарламасында.
Бұған дейін бірқатар БАҚ эвакуациядан кейін зауыттың екі шетелдік қызметкері — жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы мен жасы шамамен 20-дағы Непал азаматы — хабар-ошарсыз кеткенін жазған болатын.
Өрт ішінара ауыздықталғаннан кейін іздестіру жұмыстары басталды. 31 қаңтар күні сағат 00:39 шамасында өрт сөндірушілер ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан жоғалғандардың бірінің денесін тапты. Қаза тапқан адамның жеке басы әзірге анықталған жоқ.
Оқи отырыңыздар:
- Алматы облысында Кореяға жұмысқа орналастыратын арнайы орталық ашылады
- Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрады
- Оңтүстік Корея елдегі орман өртін – ұлттық апат деп жариялады
Жаңалықтар
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады