Оман қазақстандық туристерге елге кіру ережелерін өзгертті

cover

Оман Сұлтандығының билігі туристердің елге кіру ережелеріне өзгерістер енгізді. Бұл туралы Hotelier хабарлады.

Бұған дейін Оман билігі 103 елдің, оның ішінде Қазақстанның азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізген. Бұл шараның басты мақсаты - дағдарыс кезеңінде туризм индустриясы мен жергілікті экономиканы қолдау болды.

Сонымен қатар, туристердің сұлтандық аумағында 10 күнге дейін болуға құқығы бар. Оларда қонақ үйге брондау, COVID-19 емін қамтитын медициналық сақтандыру туралы растама және қайту билеті болуы керек. Кетер алдында арнайы веб-сайтқа тіркеліп, жеке деректеріңізді ұсынып, тиісті мобильді қосымшаны жүктеп алу керек.

Келушілерге ПТР тестін алдын-ала тапсырудың қажеті жоқ, оны әуежайға келген кезде жасауға болады. Әрі қарай, қонақ үйде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтай отырып, нәтижелерді бір-екі күн ішінде күту керек.

Алайда, жергілікті БАҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, 103 елдің 27-сінің азаматтары Оманға паспортында Шенген визасы немесе АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Канада немесе Жапонияға кіру визалары болған жағдайда ғана кіре алады.

Осы 27 елдің тізіміне Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларуссия, Түркменстан, Үндістан, Египет, Әзірбайжан, Армения және басқа мемлекеттер кіреді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар