Олимпиада-2026: Софья Самоделкина ел көрсеткішін көтерді
Фото: ҰОК
Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанау бәсекесінің жеңімпаздары анықталды. Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жеке мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Мұз айдынына 13-болып шыққан отандасымыз еркін бағдарламасын сәтті орындап, 138.99 ұпай жинады. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша ол 207.46 ұпай еншілеп, жалпы есепте 10-сатыға тұрақтады. Бұл — оның спорттық жолындағы жаңа жеке рекорды.
Бұған дейінгі ең жоғары нәтижесін Софья 2021 жылы тіркеген еді (205.67 ұпай).
Сонымен жүлдегерлер реті келесідей:
Бірінші орын — Алиса Лю (АҚШ) — 226.79 ұпай (жеке рекорды)
Екінші орын — Каори Сакамото (Жапония) — 224.90 ұпай
Үшінші орын — Ами Накаи (Жапония) — 219.16 ұпай
Ал біздің спортшы Софья Самоделкина 207.46 ұпаймен 10-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, қысқы Олимпиада тарихында Қазақстан атынан әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанауда бұған дейін тек Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова (2018 жыл) өнер көрсеткен болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Трамп Иран өркениеті «жойылуы» мүмкін екенін тағы мәлімдеді
- Перизат Қайраттың тағы бір көлігі мемлекет меншігіне өтті
- Такер Карлсон: «Сен кімсің, Трамп? Өзіңді Құдаймын деп ойлайсың ба?»
- Жезқазғанда «өрмекші адам»: Терезеден түспек болған ер адамды полиция әрең құтқарды
- 500 миллионнан аса заңсыз табыс: NBC TV қаржы пирамидасын тергеу ісі аяқталды
- АҚШ пен Израиль Иранның басты мұнай аралын атқылады
- Павлодарда жүргізушіні ұстаған видео дау тудырды
- «Сабырымыз шегіне жетті»: ИРСК АҚШ пен серіктес елдерге шүйлікті
- Стамбұлда Израиль консулдығы маңында атыс болды: Қаза тапқандар бар
- Түркістан облысында бірнеше полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
- Трамптың қоқан-лоққысы және жүзеге аспай тұрған бітім: АҚШ–Иран соғысы қай кезеңде?
- Астанада 9 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
- Германияда қымыз ең жиіркенішті тағамдар музейіне тап болды
- Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды
- Еліміздің барлық өңірінде су тасқыны қаупі сейілді ме?
- Павлодар облысында сегіз әкім жауапкершілікке тартылып, 1,7 млн теңге айыппұл төледі
- Иранның жоғарғы жетекшісі ес-түссіз жатыр — The Times
- Дрондар Солтүстік Корея шекарасын кесіп өтті: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентінің кешірімін қабылдады
- Иран билікке қарсы тұлғаларға қатысты үкімді жеделдетпек
- Тоқаев Вьетнамның жаңа сайланған президентін құттықтады