Обухов «ГОК» ісі: Прокурор Долгалевке 12 жыл сұрады
Фото: Orda.kz
15 қазан күні Павлодар облысында судья Құдабай Сұлтанов алқабилердің қатысуымен Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірінің тең иесі Виктор Долгалев ісіне қатысты жиырмадан астам мәселені қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотталушыларға жер қойнауын заңсыз пайдалану, 3 трлн теңге көлемінде залал келтіру, алаяқтық және пара беру айыптары тағылған.
«Тиолайн» компаниясының тең иесі әрі Обухов тау-кен байыту комбинатының негізін қалаушы Виктор Долгалевпен бірге оның ұлы Данил Долгалев, адвокат Санат Құрманбаев және кәсіпкер Тимур Сәдуақасов та айыпталушылар орындығында отыр.
Олар өздеріне тағылған айыптарды мойындамай, жеке қорғаныс жүргізіп келеді. Сонымен қатар, сотқа ондаған өтініш берген. Көпшілігі — бұрынғы және қазіргі жоғары лауазымды тұлғаларды куәгер ретінде шақыру туралы болған. Алайда сот бұл өтініштердің ешбірін қанағаттандырған жоқ.
Прокурор Виктор Долгалевті 12 жылға бас бостандығынан айыруды, мүлкін тәркілеуді және өмір бойы қаржы саласына қатысты лауазымдарда қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ оған 10 жыл бойы жер қойнауын пайдалану құқығына тыйым салу ұсынылды.
Данил Долгалевке 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салу жазасы сұралды. Ал Санат Құрманбаев пен Тимур Сәдуақасовқа 10 жылдық жаза тағайындау ұсынылды.
Айта кетейік, Петропавлда өткен алдыңғы сот процесінде СҚО прокуратурасы айыпталушыларға бұдан аз мерзім сұраған болатын: Виктор Долгалевке — 10 жыл, ал оның ұлына — 5,5 жыл.
Еске сала кетейік, Виктор Долгалев 2024 жылдың ақпан айында ұсталған.
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді