Облыс әкімінің бұрынғы орынбасарының ұлы мемлекеттік кірістер департаментіне қызметке орналасты

cover Фото: gov.kz

Алматы облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұлы Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментіне қызметке келді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Серік Мәнізоровтың жаңа қызметке орналасқаны туралы ақпарат тарады. Кеше, 22 қазан күні Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Ернар Ержанов Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Мәнізоровты таныстырған. Ол еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы әкімдігінен бастаған. 

Бұған дейін Серік Мәнізоров жетекші маманнан бастап аудан әкімінің орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істегені белгілі. Ол мемлекеттік кірістер комитетінде және президент әкімшілігінде қызмет атқарды.

Айта кетейік, Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Бағдат Мәнізоров 2019 жылы ұсталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы («Лауазымын пайдалану арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша айып тақты.

Кейін Бас прокуратура Бағдат Мәнізоровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеді.

Айта кетейік, Қырғызстанның ішкі істер министрлігі боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Биволға қатысты тергеуге дейінгі тексеріс бастағанын хабарлады. Ол әлеуметтік желіде қазақ пен қырғыз халқын қорлап, балағат сөздер айтқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар