Оқушы өзіне қол жұмсады, мектеп директоры жұмыстан кетті

cover

Түркістанда мектеп оқушысы емтиханнан кейін өзіне қол жұмсаған. Оны өлімге мектеп директоры итермелеуі мүмкін. Ол жұмыстан қуылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ордабасы ауданындағы Көкарал ауылында 9-сынып оқушысы емтиханнан кейін өзіне қол жұмсаған. Оқушының өліміне мектеп директоры кінәлі болуы мүмкін. Сондықтан қазір директор уақытша жұмысынан шеттетілді. Оны мектеп мұғалімдерінің бірі растады.

– Мектеп директоры Стаева Айсара Нұржігітқызын уақытша тексеру амалдары жүруіне байланысты, осы тексеру амалдарына кедергі жасамас үшін 14 күнге жұмыстан шеттеттік. Яғни, лауазымдық қызметінен шеттетілді. Егер де мектеп басшысы тікелей осыған кінәлі болатын болса, яғни, әділ жазасын алуға мен құп қосыламын, - деді Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева.    

Еске салсақ, оқу озаты Эльвира Мықтыбек емтиханнан кейін үйіне барып, асылып қалған. Қыздың ата-аналары бәріне мектеп директорын кінәлады.

Олардың айтуынша, директор емтихан кезінде қызға басқа оқушылардың алдында ауыр сөйлеген.

Қазір арнайы топ құрылып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы әлі шықпаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар