Неге жедел жәрдем жүргізушілері көлікті өз ақшаларына жөндейді?

cover

19 мамыр Алматыда 20 шақты жедел жәрдем жүргізушілері «Халық паркі» алдында наразылыққа шықты.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Жүргізушілер үстемақы кешіктіріліп, көліктің жөндеу жұмысына қаражатты өз қалтасынан шығаратындықтарына наразы. Ал мәселені ашық айтып жүрген белсенділер қудалауға ұшырап жүрген сыңайлы.

– Біз үш жылдан бері осы жедел жәрдем көліктеріне бөлшек сатып алып келеміз. Біздің қолымызда чектер де бар. Кейбір жетекші бригадирлер қанша адамды қорқытып, «чектерді бермеңдер, болды қойыңдар» деген әңгіме жүріп жатыр. Май, фильтр бәрін сатып алып жатырмыз. Ал енді сол шындықты айтқан адамдарды жұмыстан шығарып жатыр. Мысалы, мені кеше жұмыстан заңсыз шығарды, – деді жедел жәрдем жүргізушісі Асхат Шәріпов.

Сондай-ақ, жүргізуші 21 сәуірде коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болып, карантинге жіберілген. Бірақ ол тіркелген емхана жағдайды СЭС-ке хабарламаған. Салдарынан карантинге жабылғанын растайтын құжат түкке жарамай, 18 мамырда оны жиналыста талқыға салып, жұмыстан қуып жіберген.

Мекеме басшылары әлі түсініктеме бермеді.

Әкімдіктегілер жүргізушілерді ішке кіргізуге тырысқанымен, олар сыртта күтіп қалған.

Еске салсақ, мұндай наразылық акциялары Қазақстанда бірінші рет болып тұрған жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар