Ұлттық ұлан сарбаздарына неге Sputnik-V вакцинасы салынбаған?

cover Фото: m.censor.net

Ұлттық ұланның әскери қызметкерлеріне ресейлік «Спутник-V» вакцинасы неге салынбағаны туралы Әскери кеңестің хатшысы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«Ұлттық гвардиядағы қызметтің ерекшеліктері» брифингінде Қазақстан Ұлттық ұланы Әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров Ұлттық гвардия әскери қызметшілеріне ресейлік «Спутник-V» вакцинасы егілмегенін айтты.

Оның айтуынша, олар QazVac препаратын әзірлеу мен тіркеудің аяқталуын күткен.

– Вакциналау басталған кезде әскери қызметшілердің көпшілігі біздің вакцинаны - қазақстандық QazVac-ты күтті. Олар осылай ресейлік екпеден бас тартты. Бүгін алғашқы вакциналау басталды. Менің ойымша, Денсаулық сақтау министрінің мысалы оң нәтиже береді. Біздің әскери қызметшілерге қазақстандық вакцина егіледі, - деді Имиров.

Сонымен қатар, қазақстандық вакцина әлдеқайда тиімді деген пікір бар. Тіпті патриоттық мақсатта да Қазақстанның барлық әскери қызметкерлері QazVac екпесін күтуде, деп толықтырды әскери кеңестің хатшысы.

Ол қазіргі уақытта Sputnik-V вакцинасының бірінші компонентін 10 608 әскери қызметкер қабылдағанын, ал екінші дозаны 606 адам қабылдағанын атап өтті. Ұлттық ұлан бірінші жартыжылдықта, яғни шілде айына дейін вакциналауды толығымен аяқтамақшы.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар