Үндістандағы белгісіз аурудың себебі не?

cover

Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің басшысы аймақтағы эпидемия улану салдарынан туындауы мүмкін екендігін мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Өткен демалыста Үндістанның оңтүстік штатында 11 жаңа жағдай тіркелген. Жалпы зардап шеккендердің саны 613 адам. Қазіргі таңда аймақтағы жағдайдың орын алуының себеп-салдары анықталып жатыр.

Белгісіз алғаш ауру Элуру қаласында тіркелген. Науқастар бірден емханаларға жүгінген. Барлығының ауру белгілері ұқсас. Олар бас айналу, қалтырау, бас ауру, эпилепсия және кенеттен естен тану бойынша шағымданды. Эпидемиологтар мұны COVID-19 асқынуы салдары деген болжамда болған, бірақ ПЦР-тест теріс нәтиже көрсеткен.

Кейінгі болжамға сәйкес дәрігерлер ауру лас ауа мен сапасыз тамақтан пайда болғандығын анықтады.

Ұлттық тамақтану институтында түрлі тестер жүргізілді. Нәтижесінде науқастар жеген астан сынап пен химиялық заттар табылған. Барлық дерлік науқастардың қанында фосфорорганикалық қалдықтар бар.

Радж Лошан, эпидемиолог:

«Жергілікті мамандар ауыз су мен топырақтың күйін зерттейді. Зерттеу нәтижелері тікелей парламентке жіберіледі. Істі тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, оның құрамына биліктің жоғарғы деңгейднгі өкілдері кірді».

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар