Назарбев мектебіндегі суицид: куратор белдемше кимеуді талап етті, оқушылар наразылық білдірді

cover

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «киімнің жынысы жоқ» деп, сабаққа белдемше киіп келді. Сондай-ақ Orda.kz редакциясында сегізінші сынып оқушысы қайтыс болғанға дейін куратормен балалардың белдемше кию туралы әңгімесінің аудиожазбасы бар.

Бүгін не болды?

Алматыда химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары сабаққа наразылық білдіріп келді. Олар «киімнің жынысы жоқ» деп санайды.

― Біз (баланың аты) қолдау үшін наразылық акциясын ұйымдастырдық, онда барлық ұлдарды белдемшемен келуге шақырдық, өйткені киім гендерлік дискриминация үшін негіз болмауы керек деп санаймыз. Біз қоғамның назарын осы проблемаға, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы суицид проблемасына аударғымыз келеді. Біз «киімнің жынысы жоқ» және «Сен маңыздысың. Үнсіз қалма!» деген сөздері бар плакат ілдік. Ол жерге балалар психологиялық мәселелерді шеше алатын сенім телефонын қостық, ― деді акция ұйымдастырушылары.

Суицид ученика НИШ Алматы: куратор требовал не надевать юбку, школьники протестуют

Orda.kz дереккөзінің хабарлауынша, НЗМ мектебінің әкімшілігі қазір наразылық білдірушілердің ата-аналарына қоңырау шалып, белдемше киюді тоқтатуды талап етіп, оларды мектепке шақырып жатыр.

Редакция НЗМ мектебінің баспасөз қызметінен пікір алмақ болды, бірақ ешқандай жауап болмады.

Суицид ученика НИШ Алматы: куратор требовал не надевать юбку, школьники протестуют

НЗМ оқушылары әлеуметтік желілерде акцияны қолдауға және үндемей қалмауға шақырады. Сондай-ақ, жасөспірімдер әкімшіліктің қайтыс болған баланың іс-шараға белдемше кимегені туралы «өтірік айтқанына» ренжулі.

Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің өкілі Жанар Адамбаева КТК телеарнасына берген сұхбатында қайтыс болған баланың белдемше кимегенін айтқан.

― Бұл бізде аптасына екі-үш мәрте өткізілетін мектепішілік іс-шара болған.

― Ол сағат қаншада болды?

― Түстен кейін, сағат үште.

― Ол расымен белдемше киіп келіп пе еді?

― Әрине, жоқ. Ол белдемшені қайдан шығардыңыздар? Барлық жерде соны айтуда. Ол сол күні белдемше кимеген. Бұл не әңгіме?

― Оны неге психологқа алып барды? Себебі бар ма?

― Оны психологқа алып баруы мүмкін емес. Бізде оқушыны қолынан ұстап психолоқа алып бару деген жоқ. Психолог әрдайым балалармен байланыста болады.

«Белдемшенің дұрыс еместігі» туралы куратор мен оқушы әңгімесінің аудиожазбасы

8-сыныптың кураторы (сынып жетекшісі) 27 қазанда оқушылармен сөйлескенде (бала қайтыс болғанға дейін) балалардың «қазір өздері қалағандай киінуге құқығы жоқ» деп мәлімдейді (Orda.kz редакциясында толық аудиожазба бар) және мектеп оқушылары мен ер балаларға белдемше киюге болмайтыны туралы пікір таластырады.

Суицид ученика НИШ Алматы: куратор требовал не надевать юбку, школьники протестуют

Балалар куратордың пікрімен келіспейтіндерін айтқан. Олар өз позицияларын айшықтап қайтыс болған баланың киім таңдауын қолдаған. Балалардың бірі белдемше киіп жүретін шоталандтарды мысалға келтірді.

– Шотландық белдемше ки, мен қарсы емеспін. Бірақ қыздікін емес. Мына қыздың белдемшесі. Спорттық, ұлттық киім ки, оған сұрақ жоқ, - деп жауап берді куратор.

Куратор балалардың «18 жасқа толмағанын, бұл өмірде әлі ештеңе білмейтінін» алға тартады.

– Сендер өздеріңе жауап бере алмайсыңдар. Сендер үшін ата-аналарың жауапты. Мектептен кеткенде білгендеріңді істеңдер. Қазір қалай қаласаңдар солай киінуге құқықтарың жоқ. Сендер кәмелетке толмағансыңдар, сенде дауыс беру құқығы жоқ, дауыс бермейсіңдер. Сендерге қойылған талап бар, мектептің талабы бойынша бұлай киінбеулерің керек, – деді дауысын көтере сөйлеген мұғалім.

НЗМ-дегі дереккөздің айтуынша, «сыныптастары (қайтыс болған балаға) жақтаса бастаған, бірақ куратор барлығына тәртіптік акт жазамын деп қорқытқан».

Суицид ученика НИШ Алматы: куратор требовал не надевать юбку, школьники протестуют

Қайтыс болған балаға бірнеше рет буллинг жасалған

НЗМ түлегі және баланың досы болған Дариға Жаңабаева қайтыс болған баланың өзіне дос болғанын және жазғы лагерь кезінде танысқандарын айтып берді.

– Ол өзінің жарқын харизмасымен және достығымен ерекшеленді. Сонымен қатар ол өте білімді болды. Дискотекаларда ол әрқашан өте керемет билейтін, мүлде ұялмайтын. Сондықтан оны барлығы «Аңыз» деп атады, - деді ол.

Дариға Жаңабаева редакцияға бұл қайтыс болған балаға жасалған алғашқы буллинг еместігін айтты.

– Лагерь аяқталардан бір күн бұрын ол құрбысынан көзін ашық түске бояп беруді сұрады. Сол жерде демалып жатқан бір бала соны көрді де оны балағаттай бастады, артынан оған тап беріп қылқындыра жөнелді. Оларды ажыратып тастады. Болған жағдайдан кейін тарпа бас салған баланы үйіне қайтарды. Оған осы оқиғадан кейін қиын болғаны анық,- дейді ол.

Акцияға қатысушылар «мектептердегі суицид мәселелерінде үндемей қалуға болмайды» деп санайды.

― Бізге мектептің беделі зардап шегетіні маңызды емес. Өз ― өзіне қол жұмсауға бейім адамдар өздерін қауіпсіз сезінуі, оларға қамқорлық жасайтындығын сезінуі және қандай да бір жағдай болса, өз проблемаларын адамдармен адал және ашық түрде бөлісе алатындай болуы керек. Мәселені жариялау, ол туралы сөйлесу, ауқымды конференциялар өткізу әлдеқайда маңызды деп санаймыз, - деп түсіндіреді Дариға.

Оқушылар қоғамның, оның ішінде мектеп әкімшілігінің балалардың өзін-өзі көрсетуіне неғұрлым толерантты болуын қалайды. Балалар мектеп мұғалімдерінің «ұлдардың ұзын шаштары/ тырнақтары болмауы керек» деп арттарына түсіп алғанын қаламайды.

Еске сала кетейік, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы 11-ші қабаттың терезесінен секіріп кеткен болатын.

Алматы полиция департаменті өз – өзіне қол жұмсау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы - «өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

НЗМ «2021 жылдың 27 қазанда сабақтан тыс уақытта оқушымен болған жазатайым оқиға фактісін» растады. Мектеп «кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін» қосымша ақпарат беруден бас тартты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар