Назарбаевтың немересінің қос азаматтығы мен Мәскеудегі жылжымайтын мүлкі әшкереленді
Фото: Wikipedia
Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың тұңғыш ұлы Алтай Асқардың Кипр азаматтығын алғаны белгілі болды. Ол бұл мәртебеге 2019 жылы, яғни Кипрдің инвестициялық азаматтық беру бағдарламасы жабылардың алдында өтініш бергенде ие болған.
Азаматтық алу құжаттарының жалпы құны шамамен 1 миллиард теңге болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Назарбаевтың немересі Кипр азаматы атанған
Бұл дерек Кипрдің ресми мемлекеттік басылымында жарияланған. Әдетте мұндай өтініштердің нәтижесін жұртқа жария ете бермейді. Алайда сол уақытта ел билігі әлемнің дәулетті азаматтарының көбімен келісімге келген. Кейбір елдерде қылмыстық іздеуде жүрген тұлғалар да Кипр төлқұжатын алған.
Бұл жағдай Еуропалық одақтың наразылығын тудырып, 2020 жылы Al Jazeera арнасы зерттеу жариялағаннан кейін бағдарлама жабылған. Бағдарлама арқылы 7 мыңнан астам инвестор мен олардың туыстары екінші азаматтық алып үлгерген.
Бір паспорттың құны шамамен 2,5 миллион еуро. Демек, Құлыбаевтың ұлы Кипр азаматтығын алу үшін Қазақстан заңына қайшы түрде шамамен 1,07 миллиард теңге төлеген.
Швейцария және әйгілі «Bellerive» сарайы
Алтай Асқар тек Кипр ғана емес, Швейцарияның да резиденттік картасына ие. Бұл елді ол өзінің тұрақты тұратын жері ретінде көрсеткен. Ол әкесі Тимур Құлыбаевтың серіктесі Бахаридин Аблазимовпен бірге америкалық ORBI стартапына инвестиция салған.
Құлыбаевтардың меншігінде Швейцариядағы әйгілі Bellerive сарайы бар. 2024 жылдың ақпанында Женева прокуратурасы бұл нысанның сатып алынуына байланысты тергеу бастаған. Тергеушілер мәміле кезінде пайдаланылған қаржының заңды көзін тексеріп жатыр.
Былтыр Во кантонының соты Құлыбаевтарға тиесілі Fleur du Lac қонақүйін қайта жөндеуге рұқсат беретін құжатты жойған еді. Яғни, сүруге және қайта салуға тыйым салынған.
Мәскеу мен Дубайдағы мүлік
Мәскеуде Алтай Асқардың атына тіркелген пәтер «Москва-Сити» кешеніндегі «Меркурий» мұнарасында орналасқан. Пәтердің жалпы ауданы — 114,5 шаршы метр, 47-қабатта, терезелері Мәскеу өзені мен «Қызыл Пресня» саябағына қарайды.
Мұндай пәтердің нарықтық бағасы шамамен 60 миллион рубль, яғни 400 миллион теңге.
Ал Дубайда оған тиесілі әлдеқайда қымбат пентхаус бар — Palm Jumeirah аралындағы Marina Residences кешенінде орналасқан. Пәтердің ауданы — 633 шаршы метр, бағасы 2 миллиард теңгеге жуық.
Кипрдегі «алтын паспорт» дауы
Қазір Кипр билігі «алтын паспорт» алғандарды қайта тексеріп жатыр. Нәтижесінде шамамен 150 адамның азаматтығы кері қайтарылған.
Олардың қатарында бұрынғы Kazakhstan Kagazy компаниясының басшысы Мақсат Әріп, ресейлік олигархтар Олег Дерипаска, Михаил Гуцериев, Алексей Кузьмичев, өзбекстандық миллиардер Гүлбахор Исмаилова және украиналық кәсіпкер Игорь Коломойский бар.
Еске сала кетсек, бұған дейін Динара Құлыбаева тарихи ғимаратқа қатысты мәселеде мемлекетті өз ыңғайына көндірді. Orda.kz редакциясы Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) ғимараты кімге және қандай шартпен тиесілі болатынын анықтады.
Жаңалықтар
- Меруерт Өтекешова Қазақстанның халық әртісі атанды
- Алматы маңынан ежелгі жануарлардың жүзден астам қаңқасы табылды
- Ақтөбеде жындыханаға тоғытылған 5 баланың анасы сап-сау болып шықты
- Назарбаевтың немересінің қос азаматтығы мен Мәскеудегі жылжымайтын мүлкі әшкереленді
- Ақтөбелік тұрғын әріптесіне 7,7 млн несие алғызып, өлтіріп көміп тастады
- Төбелес шығарып, бірін-бірі соққыға жыққан Жаңаөзендегі оқушы қыздар жауапқа тартылады
- Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті
- Ташкентте жігіттерге «қырыңдаған» қазақ қызының үстінен іс қозғалды
- Елдос Сметов Олимпиададан кейін сыйға алған Mercedes көлігін сатылымға қойды
- Талдықорғанда 17 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті
- Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккендер Астанаға санавиациямен жеткізіледі
- Депутаттар қалашығы: Астанада сегіз миллиард теңгеге сатылып жатқан сарайдың иесі кім?
- Ақтөбе облысында жол апатынан мерт болғандар арасында 3 жасар бала бар
- Сенат ЖИ туралы заңды мәжіліске қайтарды
- Күзетшіні жамбасқа лақтырған дзюдошы қыз әлемнің вице-аруы атанды
- Қазақстандағы ВТБ банкіне Еуроодақ санкция салды
- «Таң қашан атады?»: Алматыда дәрігерлердің салғырттығынан 2 жасар қыз қайтыс болды
- Батыс Қазақстанда украинша жазуы бар дрон сынықтары табылды
- «Ит құрлы көрмейді»: Думан Мұхамедкәрім мен Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлады
- «Бір адам қаза тапты»: Талғарда қызметтік көлікпен аң аулауға шыққан әкім жол апатына ұшырады