Назарбаев Балахметовтың туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

cover

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қажахмет Балахметовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді.

– Сонымен қатар қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді. Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді, – делінген жеделхатта.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар