Назар аударамыз: Шымкент пен Алматыда карантин

cover Фото pixabay.com сайтынан алынды

«Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», - делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында.

Жаңа қаулы бойынша қоғамдық көліктің жұмысы 23:00-ге дейін ұзартылады. Отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым салынды. Сонымен қатар, 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуға шектеу қойылды.

Жұмысы уақытша тоқтайтын орындар:

Қоғамдық тамақтандыру объектілері (50 отыратын орындықтан көп болмауы керек): асхана, дәмхана, кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің;  

15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйымдар;

Көңіл көтеруге арналған ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);

бассейндер;

ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

22 қарашада 7:00-ден бастап жаңа қаулы күшіне енеді.

Ал Шымкентте 7 желтоқсанға дейін карантин ұзартылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар