Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған

cover Фото: gov.kz

Наурыз ҰБТ-ны 2 наурызда бастап бүгінгі күнге дейін 117 мыңнан астам оқушы тапсырған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 71,6 %-ы тестілеуді қазақ тілінде, 28,3%-ы орыс тілінде және 111 адам ағылшын тілінде тапсырған. 

Үшінші аптаның қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже – 139 балл.

Ведомство ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілерге жағдай жасалғанын мәлімдеді.  Нәтижесінде ҰБТ-ға 283 талапкер қатысқан. 

ҰБТ тапсыру барысында 179 талапкер ереже бұзған. 97 талапкер смартфондарды, шпаргалкаларды және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болған. Тағы 82 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін сынақтан шеттетілді. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар