Нұр-Сұлтандағы сауда ойын-сауық орталығында 29 жастағы әйел қайтыс болды

cover

Нұр-Сұлтандағы Mega Silk Way сауда ойын-сауық орталығында 29 жастағы келіншек қайтыс болды.

Оқиға 22 қараша күні болған. Жедел жәрдемге Mega Silk Way сауда орталығында жас әйелдің есінен танып қалғаны туралы қоңырау түскен.

«Жедел жәрдем бригадасы келген кезде тіршілік белгілері жоқ әйелдің мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы туған қыз кенет есінен танып қалған, содан кейін денесі құрыса басталған» деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Әйел есінен танып қалған соң, оқиға куәгерлері жедел жәрдем қызметкерлерін шақырып, жансақтау шараларын жүргізген, бірақ одан еш нәтиже болмаған.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, қайтыс болған әйел сауда орталығының қызметкері болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар