Нұр-Сұлтандағы ресейлік шоуменнің мейрамханасы жауапқа тартылды

cover

Нұр-Сұлтан полициясы ресейлік шоумен Сергей Светлаковқа тиесілі «Золото» мейрамханасында карантиннің бұзылғанын анықталғандығы туралы Нұр-Сұлтан полиция бөлімі хабарлады.

Хабарламада:

«Золото мейрамханасында 70-ке жуық келуші демалды. Клиенттер мекеменің үстелдерінде отырды, әлеуметтік арақашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамады. Мекеме иесі мен келушілер тыйымға мән бермей, айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірді», - делінген.

ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігін бақылау бөліміне жіберілді. Баптың санкцияларында айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.

Жалпы алғанда, өткен тәулікте мобильді топ 236 кәсіпкерлік нысандарын тексеріп, карантиндік режимді бұзудың бес фактісін анықтады.

«Нұр-Сұлтан полиция бөлімі мекеме иелері мен келушілердің абайсыз әрекеті инфекцияның таралуына әкеліп соқтыратынын ескертеді. Карантин режимін бұзушылар жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады полиция бөлімі.

Бір күн бұрын Сергей Светлаков ауруханадан шығарылды. 11 қарашада шоумен коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар