Нұр-Сұлтанда алғашқы геологиялық музей ашылды

cover

Елордада 22 желтоқсанда алғашқы геологиялық мұражайдың ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев пен Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов қатысты. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram каналында хабарлады.

Мұражай ел тұрғындарына, туристерге, шетелдік қонақтарға Қазақстанның жер асты байлығы туралы ақпарат беру мақсатында құрылған. Сонымен қатар, мұражайда мектеп оқушылары мен студенттер өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалы материалдар ала алады.

Мағзұм Мирзағалиевтің айтуынша, мұражайды одан әрі дамыту геолог мамандығын кеңінен насихаттау үшін оқу-ағарту орталығы ретінде қажет.

«Өздеріңіз білетіндей, геология саласы инженерлік кадрлар тапшылығын сезінуде. Осыған байланысты мұражай базасында геоғылымдар орталығын құру орынды, оның міндеттерінің бірі сала үшін кадрлық резервті қалыптастыру, біздің жас геологтарымызға, мамандандырылған жоғары оқу орындарының студенттеріне, жас мамандарға кәсіби орта құру, сонымен қатар мектеп оқушыларының назарын геоэкология проблемаларына аудару жер қойнауын қорғау», - деді министр.

Мұражайда минералогиялық және палеонтологиялық коллекциялар, 19 ғасырдың басында - 20 ғасырдың ортасында басылған геологиялық әдебиеттер мұрағаты, ежелгі геологиялық құралдар жиынтығы және заманауи фауна қалдықтары бар.

Мұражайдағы жәдігерлердің жалпы саны 750 дана.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар