Нұр-Cұлтанда жануарларды қорғау жөніндегі кеңес өз жұмысын бастады

cover

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі, қалалық әкімдіктің жанынан жаңа кеңес құрылғанын хабарлады. Оның құрамына жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ветеринарлар кірді.  

Кеңес мүшелірінің бірінші жиналысына қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков төрағалық етті. Жиылыста мектеп бағдарламасына «Мейірімділік сабақтарын» ұйымдастырып, жануарларды кастрациялау және зарарсыздандыру мәселелері қозғалды.  

«Жануарларды қорғауға, оларға мейірімділікпен қарауға азаматтар бала күннен үйренуі керек. Біз өткен жылы мектептердегі ашық сабақтарға қатысып, жануарлар туралы пайдалы ақпарат беріп, иттермен қалай қарым-қатынас жасау керектігін көрсеткенбіз. Бұл балаларға ұнады. Алдағы уақытта осындай сабақтар ашық сабақтар негізінде емес, мектеп бағдарламасына енсе екен дейміз», – деді INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сарсенова.

Отырыста, сонымен қатар, қаңғыбас иттер мен мысықтар туралы айтылды. Мәселені алдын алу үшін қалада 2017 жылдан бері зарарсыздандыру шаралары жүргізулуде. «Елордада зарарсыздандыру бойынша 2018 жылы - 500 жануар, 2019 жылы – 1800 жануар, ал, 2021 жылы 2500 ит пен 1500 мысықты зарарсыздандыру жоспарланып отыр», – деп қосты қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшы орынбасары Айдын Молдағалиев.

Отырыс нәтижесі бойынша, алдағы уақытта халық ішінде жануарларға жауапкершілік танытуға қатысты ақпараттандыру жұмыстары күшейтіледі.

Айта кетсек, кеңес отырыстары айына бір рет өтеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар