«Мүгедек күйеуін киллер жалдап өлтірмек болған» Эльвира Еркебаева сот залынан босатылды
Фото: Orda.kz
Кеше, 25 тамызда 2024 жылдың тамызынан бері қаралып жатқан іске үкім шықты. Эльвира Еркебаева мен Максим Кузнецов кісі өлтіруге оқталды деп айыпталды. Бұл істі алқабилердің екі құрамы қарады, деп хабарлайды Orda.kz.
БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушыларға соңғы сөз берілді. Эльвира Еркебаева алқабилерден әділ шешім шығаруды сұрады. Максим Кузнецов ата-анасынан кешірім сұрап, көзіне жас алды.
Алқабилер кеңесу бөлмесінде 3 сағаттай ақылдасты. Кейін судья Динара Гильманова үкімді жариялады. Эльвира Еркебаев пен Максим Кузнецов «қаруды заңсыз сатып алу, беру, өткізу және сақтау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға шартты түрде сотталды. Сотталушылар сот залында босатылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Эльвира Еркебаева өзін қолдағандардың барлығына алғысын білдірді. Ол әділдік бар екенін және жеңіске жеткенін айтты.
Тергеу мәліметтері бойынша, Эльвира Еркебаева бұрынғы күйеуі Ербол Еркебаевпен келісімге келе алмай, екі миллион теңгеге киллер жалдаған. Бұл қылмысты жасауға Максим Кузнецов көмектескен. Ал олар киллер ретінде бұрын сотталған БҚО тұрғыны Ержан Ғалиевке өтініш айтады. Алайда Ғалиев құқық қорғау органдарына хабар беріп, жоспарланған қылмыс туралы айтып берген. Осыдан кейін Еркебаева мен Кузнецов қамауға алынды.
Сондықтан қастандық тек әрекет болып қала берді. Алайда тергеу барысында Эльвира Еркебаеваның экс-күйеуі 20 жыл бойы оған қысым көрсеткені белгілі болды.
Айта кетейік, Талғарда болып жатқан сотта Хасан Қасымбаевтың адвокаты Ерлан Меңдешев сотта шеттету фактісінің бар екенін айтып, судьяны іске біржақты қарады деп айыптады.
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі