Мұхтар Мағауин Тоқаевқа хат жазды

cover

Жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Оған Мемлекеттік сыйлықтың іріктеуінен өте алмаған әріптесі Тұрысбек Сәукетай себеп болған. 

– Айтпағым – қазақ рухы, қазақ мәдениетіне қатысты аз ғана бір уәж. 2022 жылы Мемлекеттік сыйлық талқысы туралы соңғы хабардан естуімше, бүгінгі қазақтың атпал жазушысы, тіпті, екінің бірі емес, үздік қаламгер Тұрысбек Сәукетай ең соңғы іріктеуден өтпей қалыпты. Абай атындағы марапатқа бірден бір лайықты – осы «Желқайық» романы еді. Тұрысбек – бүгін ғана жетілген прозашы емес; өткен онжылдықтағы «Ай қараңғысы» және кез келген басқа да романы осы мәртебеге татитын. Бүгін бәйгеге «Желқайық» түскен екен. Айтары жоқ, осы жаңа ғасырда дүниеге келген ең озық туындылардың бірі. Мұндай биік көркемдік деңгейде жазылған, бүгінгі қазақ қоғамының көкейтесті мәселелерін көтерген соқталы романның Мемлекеттік сыйлыққа жетпей қалуы – көңілінде алалық жоқ зиялы қауым үшін, көзі қарақты, ұлт мүддесін ойлайтын оқырман қауым үшін үлкен өкініш болар еді. Тұрысбек Сәукетайды лайықты сыйлығына жеткізу ендігі Сіздің қолда тұр деп білемін, - делінген хатта.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар