Мораторий аяқталды: Қазақстанда жанармай бағасы көтерілуі мүмкін
Фото: Ашық дереккөзден
Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин бағасын көтеруге қойылған мораторий аяқталды. Энергетика министрлігі бағаның күрт өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы үкіметтегі брифингте энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты. Оның сөзінше, баға жағдайы бақылауда болады, мемлекет нарықты қадағалауды жалғастырып жатыр.
«Жанар-жағармай бағасында ешқандай күрт өсім болмайды. Мүмкін, аздап, біртіндеп өсуі ықтимал», — деді ол.
Есімхановтың айтуынша, бұған дейін де нарықты ішінара еркіндікке жіберген кезде осындай жағдай болған, сол кезде бағалар күрт көтерілмей, процесс салыстырмалы түрде тұрақты өткен.
Вице-министр қазіргі уақытта жағдайды бірден бірнеше құрылым — энергетика министрлігі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, сондай-ақ әкімдіктер бақылап отырғанын атап өтті. Бұл шаралар әділ бақылау жүргізіп, бәсекеге қарсы әрекеттер мен бағаны жасанды түрде көтеруге жол бермеу үшін қажет.
Сондай-ақ ол аталған ведомстволар көтерме бағаларды және компаниялардың артық пайда табу ықтималдығын да қадағалап отырғанын айтты.
«Сондықтан мен де, әріптестерім де жанар-жағармай бағасында күрт өсім болмайтынына сенімдіміз. Әрине, нарықтық деңгейге біртіндеп жақындайды, өздеріңіз көріп отырсыздар, көрші елдерде баға әлдеқайда жоғары. Сондықтан баяу өсім болуы мүмкін, бірақ күрт секіру болмайды», — деп түйіндеді ол.
Сонымен қатар, Қазақстандағы АИ-92 бензинінің қазіргі бағасын көрші елдермен салыстырғанда айырмашылық айтарлықтай екені байқалады. Қазақстанда оның бағасы шамамен литріне 239 теңге болса, Ресейде — 406 теңге, Қырғызстанда — 453 теңге, ал Өзбекстанда — 505 теңге.
Мұндай айырмашылық ел ішінде жасанды тапшылық қаупін арттырады, себебі кейбір мұнай трейдерлері үшін бензинді сыртқа шығарып, шетелде сату тиімдірек болуы мүмкін.
Бұған дейін Қазақстандағы бензин бағасына қатысты болжамдар жарияланған болатын.
Оқи отырыңыз:
- 13 теңгелік бензин: Иран өзін-өзі қалай алдап отыр?
- Алматыдағы жанармай құю бекеттері бензинді кем құяды
- Қырғыз шенеунігі неліктен Қазақстаннан бензин сатып алынбайтынын айтты
Жаңалықтар
- Мораторий аяқталды: Қазақстанда жанармай бағасы көтерілуі мүмкін
- Аида Балаева «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа «Дарын» сыйлығын табыстады
- «Өмірге келуге арпалысқан бала жатырды жыртып жіберген»: Арыс қаласының тұрғыны сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды
- Алматы облысында 15 жастағы қызды 8 жігіт екі ай бойы зорлап келген
- Тегеранда қаза тапқан жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеиді еске алу рәсімі өтті
- ШҚО-да адам өлтіруге оқталған күдіктілер қолға түсті
- Полиция алматылықтардың 5 мыңға жуық көлігін айып тұрағына қойды
- Бітім бе, шатасу ма? АҚШ пен Иран келіссөздері үш түрлі жоспарға бөлініп кетті
- Қонаев қаласы маңындағы 1 гектар аумақта қамыс өртенді
- Туризм министрлігі америкалық тревел-блогерді неге күтіп алмады? Министрліктің ресми мәлімдемесі
- Наурыз ҰБТ: Ереже бұзған 264 талапкердің нәтижесі жойылды
- 13 теңгелік бензин: Иран өзін-өзі қалай алдап отыр?
- Ең көп жалақыны кім алады? Министрлік табысы жоғары мамандарды атады
- Жоқ малға субсидия алған: 3 миллиард теңгеден астам залал келтірген 15 адам сотталды
- Бішкекте зираттарға не үшін бейнебақылау камералары орнатылып жатыр?
- Трамп өзін қолдамаған НАТО одақтастарын жазаламақшы
- АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы раунды 11 сәуірде өтеді — Ақ үй
- Алматы облысында 2 балдық жер сілкінісі болды
- Бітім қыл үстінде: Израиль соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапты
- 14 күндік келісім: Пезешкиан Пәкістанға делдал болғаны үшін алғыс білдірді