Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шықты

cover

«Құрметті сот, мен үшін ең маңыздысы - шетелге шығу. Қандай жаза тағайындалса да шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын, өйткені мен өз елімнің намысын қорғаймын (турнирлерде). Менің өз мақсаттарым бар», - деді ол өзінің соңғы сөзінде.

Еске салсақ, өткен жылдың қыркүйек айында қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов әлеуметтік желілерде ашық күреске шақырған видеосы үшін Алматы полиция бөліміне жеткізілген.

Ол Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігімен («Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінген.

Сот үкімі бүгін сағат 14:30-да белгілі болды. Сот шешімі бойынша Хамитов алты айға бас бостандығынан айрылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар