Министрлік VS ҚазАТК: Кім жеңді?

cover

Тексеру барысында академияның білім беру қызметіндегі заң бұзушылық фактілері сотпен расталды.

Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР Білім және ғылым министрлігінің пайдасына Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының (ҚазАТК) бас лицензиясынан айыру туралы қаулы қабылдады. Сот отырысы 25 қарашада елордада өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Сот ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ҚазАТК-ны білім беру қызметін жүзеге асыру құқығына бас лицензиядан айыру туралы қаулысына және оған әкімшілік қосымшалармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 464-бабының 2-бөлігіне сәйкес академияның шағымы бойынша әкімшілік істі қарағаны атап өтілді.

«Осылайша, сот Білім және ғылым министрлігінің пайдасына шешім шығарды. Комитеттің тексеруі кезінде анықталған академияның білім беру қызметіндегі заң бұзушылық фактілері сотпен расталды», - деп атап өтті Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар