Микрокредиттік ұйымның бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалынды

cover

Павлодар облысында микрокредиттік ұйымның бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ORDA Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Павлодар облысы Полиция департаментінің жедел қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Екібастұзда 16 желтоқсанда бетіне қара бетперде киген белгісіз ер адам микрокредиттік ұйымның бөлімшесіне басып кіріп, тапаншамен қорқытып, 65 мың теңгені иемденді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тергеу нәтижесінде ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Сонымен қатар күдіктіден пневматикалық тапанша тәркіленіп, баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар