Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
Мәнерлеп сырғанаудан Милан–Кортина Олимпиадасының чемпионы Михаил Шайдоров халықаралық ISU Skating Awards сыйлығына үміткер ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров беделді ISU Figure Skating Awards 2026 сыйлығының үміткерлері тізіміне енді. International Skating Union спортшыны «Ең үздік костюм» аталымына қосты.
Бұл аталым 2025/2026 жылғы маусымда алғаш рет көрсетілген, креативтілігімен, стилімен, сәнімен және өзіндік ерекшелігімен көзге түскен костюм үшін жеке мәнерлеп сырғанаушыға, спорттық жұпқа немесе би дуэтіне беріледі.
Шайдоров Олимпиадада киген костюмді дизайнерлер Сәенг Жақсыбаев пен Aқмарал Жарасқызы дайындаған. Дәл осы қара-көк түсті, жылтыр элементтері бар костюммен спортшы Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындарында еркін бағдарламасын орындаған.
Үміткерлерге дауыс беру 18 наурызға дейін жалғасады. Осыдан кейін сарапшылар қысқа тізімнен жеңімпаздарды анықтайды. Сыйлықтың қорытындысы 29 наурызда Прага қаласында өтетін Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты кезінде жарияланады. Салтанатты рәсімді Skating ISU YouTube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.
Айта кетейік, ISU Figure Skating Awards жыл сайын өткізіледі. Бұл марапат аясында тек спортшылар ғана емес, сонымен қатар жаттықтырушылар, хореографтар және костюм дизайнерлері де атап өтіледі.
Михаил Шайдоров — «Ең үздік костюм» аталымы бойынша бұл сыйлыққа ұсынылған Қазақстандағы алғашқы мәнерлеп сырғанаушы.
Еске салайық, алматылық спортшы Олимпиада — 2026 ойындарында ерлер арасындағы жеке сайыста алтын медаль жеңіп алып, Олимпиада чемпионы атанды. Бұл Қазақстан тәуелсіздік жылдарындағы мәнерлеп сырғанаудан алынған алғашқы олимпиадалық алтын медаль.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада-2026 ойындарында еркін бағдарламада өнер көрсеткенде киген костюмін Олимпиада музейіне табыстады.
Оқи отырыңыз:
- Михаил Шайдоров пен командасын дайындауға 263 миллион теңге жұмсалды
- Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров «Кунг-фу панда» образында, Джеки Чан арнайы келді
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
Жаңалықтар
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ
- 2430 жылға сотталуы мүмкін: Стамбұлдың экс-мэріне қатысты сот басталды
- Ирандағы «мұнай аралас жаңбыр»: ДДҰ дабыл қақты
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіті табылды