Михаил Саакашвили Грузияға қайтып оралды

cover

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили әлеуметтік желілерде елге келгенін айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

«Қайырлы таң, Грузия! 8 жылдан кейін Грузиядамын» деп жазды саясаткер Facebook парақшасында.

Қыркүйек айының басында Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили муниципалды билікке сайланар алдында елге оралатыны туралы жариялап, отандастарын қолдауға шақырды.

Михаил Саакашвили Грузиядан 2013 жылы кетті. Оған қарсы бірқатар қылмыстық істер қозғалды. Олардың кейбіреулері бойынша ол сырттай түрме жазасына кесілген. Ел билігі Саакашвили Грузияға оралған жағдайда ұсталатынын бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар