«Мен өзім сотқа жүгіндім»: Маңғыстау әкімі экс-депутаттан туған ұлына қатысты өз шындығын айтты
Коллаж: Orda.kz
Маңғыстау облысында Нұрдаулет Қилыбайға қатысты үлкен дау туындаған еді. Оның жеке өмірі облыстa ғана емес, бүкіл Қазақстанға тарады. Облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Ынташ Наурызова өзінің кішкентай ұлының әкесі Қилыбай екенін мәлімдеді. Маңғыстау әкімі бір рет Наурызованың сөзін жоққа шығарғанымен, әйел адам өз сөзінен танбады. Соңғы нүктені сот қойды. Нұрдәулет Қилыбай баланың әкесі болып шықты. Сонымен қатар, ол алимент төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрдаулет Қилыбай брифингте осы оқиғаны еске алды. Шенеунік бұл ісінің қателік болғанын мәлімдеді.
«Бұл дау әлеуметтік желілерде ұзақ уақыт талқыланды. Әрине, менің нұсқам — жеке мәселе. Бірақ жауап беремін. Міне, әлеуметтік желілерде әріптестеріңіз жазып жатыр. Мен тек шындықты жазуды сұрар едім. Бірақ олар «сот мені ДНҚ арқылы баласы екенін дәлелдеуге міндеттеді» деп жазды. Шынында олай емес. Дұрысы, сот менің өтінішімді қанағаттандырды, өйткені мен өзім 2021 жылы туған баланың әкесінің нақты кім екенін білу үшін сотқа жүгіндім. Қазір заң бойынша алимент төлеймін. Қандай мөлшерде екенін бухгалтериядан сұрау керек. Жалақымның 20 немесе 25 пайызы» — деді Маңғыстау әкімі.
Журналист әкімнің жалақысы қанша екенін сұрады.
«Менің жалақым — 1 миллион 900 мың теңге. Мен қолыма осы соманы аламын. Енді алиментті шегерейік. Иә, осындай жағдай болды, мен өкінемін. Бұл менің қателігім еді. Уақытты қайтаруға болмайды, айтсаң да, айтпасаң да — бәрібір», — деп толықтырды Нұрдәулет Қилыбай.
Айта кетейік, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен оның әріптестері ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Tiger Films «Руың кім?» фильміне қатысты даудан кейін кино түсіруді тоқтатады
- «Жала жапты»: Түркістан облысында студент қызды зорлап өлтірген өзбек азаматы өмір бойына сотталды
- Ақтау қаласында жасөспірімдер оқушыны зорлап, қолын пышақпен тілгілеген
- «Мен өзім сотқа жүгіндім»: Маңғыстау әкімі экс-депутаттан туған ұлына қатысты өз шындығын айтты
- Атырауда 2 қызының көзінше әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты
- ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы ұсталды
- Тоқаев Трампты Қазақстанға шақырды
- Дмитрий Бивол бұрынғы жұбайын сотта жеңіп шықты
- Яна Легкодимованы өлтіріп, өмір бойына сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
- «2 млрд теңге жымқырған»: Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы мен әріптестері ұсталды
- Алматыда оқытушыға пышақпен тап берген студент 7 жылға сотталуы мүмкін
- «Анасын ұрып-соғып, үйден қуған»: Түркістан облысында ер адам әкесін өлтіруге тырысты
- Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
- Стоматологиядағы бала өлімі: Кінәлі дәрігер қамалмайтын болды
- Вашингтонда Мұхтар Мағауиннің жылдық асы өтті
- Сот шешіміне қарамастан әкімдік пен кәсіпкерлер арасындағы жер дауына нүкте қойылмады
- Тоқаев Ресейде Путинмен кездесті
- Шымкентте заңсыз жүргізуші куәлігін рәсімдеген 15 қызметкерге үкім шықты
- Мысықты кір жуғыш машинаға салған әйел табылды
- Актер Мұрат Бисембин инсульт алып ауруханаға түсті