Мемлекет басшысы екі адамға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

cover

Жарлыққа сай Вадим Басин мен Мұрат Қайыргелдинге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы. 

Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев»

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар