Мектептерде жасанды зердені қолдану оқыту әдістері енгізілуде

cover Фото: ҚР ҒЖБМ

Қазақстан мектептерінде жасанды интеллектіні пайдалану арқылы оқыту әдістерін енгізу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz  оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл тәжірибені алғашқылардың бірі болып «Келешек мектептері» жобасына қатысатын білім беру ұйымдары қолға алды. Жоба аясында Астана қаласындағы №107, №101, №99 және №104 мектептерде жасанды интеллектті педагогтердің күнделікті жұмысын оңтайландыру үшін қолдануға бағытталған шешімдер сынақтан өткізіліп жатыр.

Аталған мектептердің мұғалімдері отандық Roqed AI, Kashgari және Stem-solutions жасанды интеллект құралдарын, сондай-ақ Kahoot платформасын пайдалануда. Бұған қоса, RobotAI жүйесі бақылау және тест тапсырмаларын автоматты түрде тексеру мен бағалау арқылы мұғалімдердің жүктемесін азайтуға көмектеседі.

Ал Google Past жүйесі оқу материалының оқушы тарапынан өз бетінше дайындалғанын немесе жасанды интеллект көмегімен орындалғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл шешімдер біртіндеп педагогтердің сенімді көмекшісіне айналып келеді екен.

Сонымен қатар, пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқан мектептерде «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллектке қатысты тақырыптар енгізілген.

 Оқу сабақтары оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған: бастауыш сыныптарда негізгі ұғымдар ойын түрінде түсіндірілсе, жоғары сыныптарда чат-боттар жасау, деректерді талдау және этикалық кейстерді шешу сияқты жобалық тапсырмалар қарастырылған. Мұндай тәсіл оқушылардың сыни ойлауын, ақпараттық мәдениетін және технологияларды жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын дамытуға бағытталған. Иә, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғаш болып білім беру саласына ChatGPT Edu жүйесін енгізіп отыр.

Еске салсақ, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Жақып Асанов Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды. Асановтың айтуынша, соңғы он жылда «көшедегі қылмыс» тоғыз есе азайғанымен, меншікке қарсы қылмыстар цифрлық кеңістікке ауысқан. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар