Мектеп қабырғасындағы салафизм: қыздарға арналған мектепке айыппұл салынды

cover

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты «Қазақ ұлттық қыздар мектебіне» қатысты істі қарады.

Еске салсақ, бұған дейін жергілікті БАҚ пен блогерлер Атыраудағы мектептің сәләфилік екенін алға тартып, Білім министрлігінен оқу орнын тексеруді талап еткен.

Атырау қаласында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» деген атпен заңсыз ашылған мектеп оқушыларға сабақ берген.

«Қыздарға арналған қазақ ұлттық мектебі» Ұлттық білім беру базасының мәліметі бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 7-сыныпқа жүзден астам оқушыны қабылдап, тіркеусіз және рұқсатсыз білім беру қызметімен айналысып келген» делінген хабарламада. 

Сот қаулысымен ЖШС ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігімен 76 575 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар