Мектеп оқушысын зорлаған екібастұздық блогер сотталды

cover

Екібастұздың 40 жастағы тұрғыны «Зорлау» бабы бойынша сотталды, деп хабарлады ORDA Павлодарnews.kz -ке сілтеме жасап.

Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот қылмыстың 2020 жылдың 7 маусымына қараған түні болғанын анықтады. Мас адам «Шахтёр» бау-бақша саяжайында 14 жастағы қызды қорлаған.

«Сотталушы өз кінәсін мойындамады және ақталуын сұрады, алайда оның кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, оның анасының, куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденді», - деп хабарлады мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың баспасөз қызметі

Прокурор қылмыскерді 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі соттың ұйғарымына сүйенді.

Сот үкімімен блогер 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, «кеншілер қаласында танымал блогер, әрі ерікті Юрий Комм кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікпен ұсталды» деген ақпарат өткен жылдың қыркүйек айында пайда болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар