Мектеп дәретханалары музейге айналған – Аймағамбетов

cover

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа тапсырма берді. Ол мектептегі жылы дәретханалар көз бояушылық үшін қолданылмай, шынымен қолданылуын қадағалау керек деді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Министр Үкімет жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында:

– Ешкімді алдаудың қажеті жоқ. Жылы дәретхананы орнатқанымен, оны музей сияқты қастерлеп, жабық ұстайтын мектептер де бар. Тексерушілер келгенде ғана ашылатындықтан, басқа кезде оқушылар ауладағы дәретханаға барып жүрген жағдайлар әшкере болды. Мұндайға жол берілмеуі керек. Ауылды елді мекендерде сырттағы дәретхана деген болмауы керек немесе оған оқушылар кіре алмайтындай етіп бекітілуі керек. Қаржы шығындап, жылы дәретхана салған екенбіз, олар үнемі жұмыс істеп тұруы тиіс, - деді.

Ведомство басшысы министрдің сөгісін естіп, жағдайды бақылауында ұстайтындығын айтты.

– Жылы дәретхананың өзі ғана болғаны жеткіліксіз. Мен комитетке тапсырма бердім, бұдан былай ол дәретханалардың сумен қаншалықты жабдықталғанын, ассенизатор машиналарының болуын, септиктердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалау керек. Бұл мәселелер шешілмесе, жылы дәретхана жұмыс істейді дегеніміз өтірік болады, - деді Білім және ғылым министрі.

Еске салсақ, 11 мамыр Қазан қаласындағы мектептегі қанды атыстан кейін ҚР Білім және ғылым министрі мектептегі қауіпсіздік мәселесін қолға алуға тапсырма берген.

Сондай-ақ, 2019 жылы Таразда мектеп дәретханасында 7-сынып оқушысы зорланған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар