Мәжіліс депутаты радикал діни ағымдарға заңмен тыйым салу мәселесін қайта көтерді

cover Фото: Бейнеден кадр

Сауалда соңғы уақытта қоғамда резонанс тудырған бірнеше жағдай мысалға келтірілген. Атап айтқанда, Наурыз мерекесіне қарсы шыққан әрекеттер мен әйелге қатысты даулы пікірімен қоғам сынына ұшыраған имам оқиғасы сөз болды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сондай-ақ Ақтөбедегі сот процесіне әйелдердің ниқабпен келуі де алаңдаушылық тудырғаны айтылды. 

Депутат Иса Қазбектің пікірінше, ұлттық дәстүрге, мәдениетке және қоғамның тұтастығына қарсы әрекеттерді жай ғана пікір алуандығы ретінде қарастыруға болмайды. Ол мұндай көріністерді ұлтқа және мемлекетке қарсы ашық шабуыл деп бағалады. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде ұлттық мүддеге қарсы, дәстүрлі құндылықтарды жоққа шығаратын, қоғамның бірлігіне сызат түсіретін үгіт-насихаттың күшейгеніне назар аударды.

«Ұлтты ұйыстыратын, жұртты көркем мінезді имандылыққа шақыратын уағыздың орнына у ағызып, ұлтқа қарсы шығып отырғандарды қалай ұстаз деуге болады? Уағызды кім көрінген айту қашан тоқтайды? Оларға Қазақстан діни мұсылмандары басқармасы қандай шешім, қандай пәтуа шығарып отыр?» деді Иса Қазыбек.

Депутаттық сауалда радикалды діни ағымдарға заңмен тыйым салу ұлттық қауіпсіздік мәселесі екені баса айтылған.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар