Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин өзінің гетеросексуал екенін айтты
Фото: бейнеден кадр
Депутат ЛГБТ өкілдерін «жарнамалау немесе насихаттау» әрекеттеріне қатысты заңдағы түзетулерді түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Депутаттың сөзінше, өзінің жыныстық ориентациясын ашық айтып, оған адам тартып, семинарлар өткізу, акцияларға қатысу немесе әлеуметтік желі мен БАҚ-та символика көрсету сияқты әрекетке барғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Қазақстанда ЛГБТ болуға заң бойынша тыйым салынбайды. Сондықтан ешкім сотталып, айыппұл төлей қоймайды. Бұл әр адамның жеке таңдауы. Бірақ егер адам ашық түрде өз қауымдастығын жарнамалап, басқаларды оған шақырса, насихат жасаса, бұл заңға қарсы әрекет болып саналады», — деді Жанбыршин.
Сонымен қатар депутат бір жынысты некелер көбейсе, туу көрсеткіші төмендейтінін және ЛГБТ өкілдері арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары жиі болатынын айтты.
«Мысалы, Канадада 14–24 жас аралығындағы жастардың шамамен 25%-ы өмірінде кем дегенде бір рет суицид жайына тап болған. АҚШ-та бір жынысты бағдардағы адамдардың 40%-ы осындай қиындықты бастан өткерген. Бұл көрсеткіш дәстүрлі гетеросексуалды отбасылардағы жастарға қарағанда бірнеше есе жоғары. Сонымен қатар, мұндай қатынастарды заңдастырған елдер демографиялық және экономикалық тұрғыдан да қиындықтарға тап болып отыр. Ол жақта туу көрсеткіші өте төмен. Қазақстанда да халық аз, аумағы үлкен ел болғандықтан, бұл мәселе бізге де әсер етуі мүмкін», — деді депутат.
Соңында депутат өз ориентациясын ашып айтты:
«Үйде не істейтініңізге ешкімнің шаруасы жоқ. Бірақ насихат жасамаңыз. Мен өзімнің гетеросексуал екенімді жарнамаламаймын, акцияларға шықпаймын. Жеке қатынасты үйде құрыңыз, қоғамда көрсетпеңіз».
Заңға түзету енгізілмес бұрын құқық қорғаушылар бірнеше рет сын айтқан. Олардың ойынша, бұл норма ЛГБТ өкілдерінің құқықтарын шектеп, қоғамда ксенофобия мен жек көруді туғызуы мүмкін.
«Мүмкін, бұл тек авторитарлық режимдерде есепке тартылудан қорқатын адамдарды қорғау үшін жасалған шығар. Бірақ шын мәнінде халықтың назарын басқа жаққа аудару, “ішкі жауды” қолдан жасап, айыптау арқылы шынайы проблемаларды ұмыттыру әрекетіне ұқсайды», — деген болатын.
Еске сала кетейік, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымында Иманғали Тасмағамбетовтің өкілеттік мерзімі аяқталуға таяды. Ал мүше мемлекеттер келесі үш жылға оның орнына жаңа бас хатшыны таңдайды. Жаңа бас хатшы кандидатурасы 27 желтоқсан күні Бішкекте қаралады.
Жаңалықтар
- Ислам Махачев Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке шығудан бас тартты
- Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршин өзінің гетеросексуал екенін айтты
- Павлодардағы кеніште 31 жастағы жұмысшы жігіт қаза тапты
- Атырауда жолға таласып, төбелес шығарған жүргізушілерді арнайы жасақ ажыратып алды
- Павлодарда балаларын терезеден лақтырған ана жауапкершіліктен босатылды
- Тасмағамбетов кетеді, Бішкекте ҰҚШҰ-ның жаңа хатшысы сайланбақ
- Құлыбаевтар Halyk Bank акцияларын қаншаға сатты?
- Рудныйда тұрғындар көшелерін қазақша атауға қарсы шықты
- Алматыда адам ағзаларын заңсыз саудалаған азаматтың жазасы жеңілдетілді
- «Теріс діни ағым»: Еліміздің 4 қаласынан терроризмге шақырған 6 адам ұсталды
- Абай облысында «ELL QUATY» атты пирамиданың басшысы қолға түсті
- Қырғызстанның экс-президентінің ұлына билікті құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды
- Генадий Головкин World Boxing президенті атанды
- ФИФА-ның ірі футбол турнирі Қазақстанда өтеді
- Трамптың арнайы өкілі: Украина Ресейге аумағының бір бөлігін беруіне тура келеді
- Қазақстан мен Өзбекстан Қырғызстанға электр қуатымен көмектесіп, есесіне су алатын болды
- Instagram блогерлер Борейко, Бокаев және Ниязовтың жарияланымдарын жойды
- Белгілі әнші Мұқасан «Нұрмұқасан» тобына жаңадан қосылған Ғалымжанды көгала қойдай етіп сабап тастады
- Етті түсіңде көресің: Ел халқы көп тұтынатын негізгі тағамдар қымбат, үкімет шешім таба ма?
- Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімін мазақ етті. Қазақстан мен Өзбекстан бәсекелесіп жатыр. Картоп — алтынмен тең