Мәскеудегі тоғаннан сөмкеге салынған баланың басы табылды

cover Фото: Мәскеу прокуратурасы

16 қарашада Мәскеу маңында Гольяновск тоғанынан кішкентай баланың басы табылды, деп хабарлайды Orda.kz.

Мәскеуде баланың анасымен бірге тұратын ер адам аса қатыгездікпен ұлын өлтірді деген күдікке ілінді. Алдын ала мәлімет бойынша, баланы бөлшектеген ер адам болса, анасы қылмыстың ізін жасыруға әрекет жасаған. Ол баланың басын тоғанға апарып тастаған, сондай-ақ мүрдені де осылай жасыруды жоспарлаған.

Баланың өлімі шамамен соңғы екі күнде болған. Марқұм алты жасар бала анасымен және оның бірге тұратын ер адамымен Балашиха қаласында тұрған. Жоғалғаны туралы полицияға әжесі хабарлаған.

Baza телеграм-арнасының дерегінше, күдіктілер ұсталған. Белгілі болғандай, 31 жастағы анасы психиатриялық есепте тұрған. Ол есірткі қолданған, көзіне әлденелер елестеген және ұлын жиі ұрып-соққан.

31 жастағы әйел Пензен облысынан екі баласымен Балашихаға көшіп келген. Марқұм Мирослав – мүгедек, жүре алмайтын бала . Туған әкесі 2025 жылдың маусымында үйдегі жанжалдарға байланысты кетіп қалған.

16 қарашада тоғанды тазалап жүрген жұмысшылар сөмке тауып алған, оның ішінен баланың басы шыққан. Балашихадағы пәтерде қалған дене бөліктері де табылды.

Кейін Еленаны ұстаған, алғашқыда кінәні басқа адамға аударуға тырысқан, бірақ 17 қарашада өз кінәсін толық мойындады.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар