Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті

cover Фото: Бейнеден кадр

Мәскеу — Челябі бағытындағы пойыздың вагондары рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Orda.kz. 

Ресей темір жолдары ресми Telegram-арнасының хабарлауынша, 3 сәуір күні таңертең Бряндино станциясы маңында №302 Мәскеу – Челябі жолаушылар пойызының жеті вагоны рельстен шығып кеткен.

«Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Оқиға орнына жедел қызметтер жіберілді. Аталған учаскеде қозғалыс уақытша тоқтатылды. Салдарды жою үшін Ульяновск, Бугульма, Сызрань және Рузаевка станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді», деп хабарлады Ресей темір жолдары баспасөз қызметі. 

Оқиғаның себептері анықталуда. Компания басшысы Олег Белозеров жетекшілік ететін жедел штаб құрылды. 

Алдын ала деректер бойынша, зардап шеккендердің арасында бір бала бар. Пойызда спорт секцияларынан келген бірнеше бала болған. 8 вагонда 415 жолаушы отырған.

Көп өтпей Челябі облысының губернаторы апаттан екі жолаушының сүйегі сынып, тағы 20 адам жарақат алғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар