Маск ешкімге жол беретін емес: Forbes ең бай миллиардерлер тізімін жаңартты
Коллаж: Orda.kz
Forbes журналы әлемдегі ең бай миллиардерлердің рейтингін жаңартты. Алты айда тізімде не өзгергенін Orda.kz тілшісі анықтады.
2023 жылдың соңында Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде қайтадан бірінші орында тұр. Сәуір айында оны «Louis Vuitton Moët Hennessy» президенті және бас директоры Бернар Арно құрметті орнынан жылжытқан болатын.
Алайда қыркүйекте Маск өзінің көшбасшылығын қалпына келтіріп, Арно тізімдегі екінші орынға жылжыды.

Көктемде Forbes 2022 жыл капитал үшін көптеген тәуекелдер әкелетінін түсіндірді. Бұл үрдіс әлемдегі 2640 миллиардерді де айналып өтпеді. Тіпті жоғарыдағылар да аздап кедейленді. 25 көшбасшының байлығы 200 миллиард долларға азайып, бұрынғы 2,3 триллионның орнына 2,1 триллион болды.
Нәтижесінде 2023 жылдың желтоқсанында алғашқы ондық келесідей тізімделді:
• Илон Маск – 245,3 миллиард доллар (сәуірде 180 миллиард)
• Бернар Арно – 191,3 млрд (сәуірде 211,8 млрд)
• Джефф Безос – $168,4 млрд (сәуірде 114 млрд)
• Ларри Эллисон – 146,5 миллиард доллар (сәуірде 107 миллиард)
• Уоррен Баффет – $119,3 млрд (сәуірде 106 млрд)
• Билл Гейтс – $117,6 млрд (сәуірде 104 млрд)
• Марк Цукерберг – $115,9 млрд
• Стив Балмер – $112,8 млрд (сәуірде 80,7 млрд)
• Ларри Пейдж – $111,7 млрд
• Сергей Брин – $107,3 млрд
Тізімнің ортасы ғана тұрақты болып қалады және өзгерістер негізінен бірінші және соңғы үшеуінде болды.
Сәуірде жетінші-оныншы орындарды мыналар иеленді:
• 2023 жылдың желтоқсанында Марк Цукербергті АҚШ-тық Майкл Блумберг (94,5 миллиард доллар) ауыстырған.
• Карлос Слим Хелу – Мексиканың ең бай адамы, оның таза табысы сәуірде 93 миллиард доллар болды. Дегенмен ол ең байлар тізімінен шығып қалды.
• Сәуірде байлығы 83,4 миллиард долларға бағаланған үндістандық Мукеш Амбани адыңғы ондық тізімінен түсіп қалды.
• АҚШ-тық Стив Балмер оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілді.
Біздің отандастарымыз Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай 10 адамның қатарына кірмегенімен, Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен тізімі бар, ондағы көшбасшылар биыл өзгерді.
Forbes Kazakhstan тізімін 2011 жылдан бері алғаш рет Kaspi.kz негізін қалаушы және ірі үш акционердің бірі, 54 жастағы Вячеслав Ким бастады. Бұған дейін бірінші қатарды Тимур Құлыбаев пен Болат Өтемұратов кезектесіп иеленген болатын.
Ол туралы мына жерде:
https://kaz.orda.kz/forbesti-lemdik-tizimindegi-e-baj-bes-aza-standy/
Жаңалықтар
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі