Мәсімовтің күйеу баласын тапқан адамға сыйақы беріледі
Коллаж Orda.kz
Антикор ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің тұңғыш қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы жұбайы Азамат Кәпенов туралы ақпарат берген адамға сыйақы берілетінін мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Антикор департаменті 1978 жылғы Қырғызстан тумасы, Ресей Федерациясының азаматы Азамат Абайұлы Кәпеновті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестіруде.
Қазіргі уақытта оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
«Егер сіз іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы білсеңіз немесе оның ықтимал мекенжайы туралы мәліметтеріңіз болса Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментімен (мекенжайы: Өскемен қаласы, Лихарева көшесі, 2) келесі телефондар арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобының ұялы телефоны 8-708-908-92-79, немесе электрондық пошта арқылы жазуға болады: [email protected]» делінген хабарламада.
Сыйақы және ақпарат иесін құпия ұстау кепілдендірілген.
Еске салсақ, Азамат Кәпеновке іздеу салынды. Сыбайлас жемқорлық агенттігінің Кәпеновке іздеу салғаны «БИПЭК-Авто» ісіне қатысты болуы мүмкін. Бұған дейін Анатолий Балушкин өз бизнесін жоюға қатысқандардың бірі деп Мәсімовті атаса, Азамат Кәпеновті келіссөз жүргізуші деп айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады