Масаға тұншыққан мал жаппай қырылып жатыр (видео)

cover Скриншот

Павлодардағы Қожамыр ауылында маса мәселесі күннен күнге ушығып барады. Бір түнде екі қой масаға жем болған.

Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қожамырда маса малдың танауына кірген, салдарынан ол тұншығып өлген. Ал адамдар қазір шыбын-шіркейдін көптігіне байланысты далаға мүлде шықпайтын болған.

Ауыл тұрғыны Мұрат Әбдумәліков сау келген малының түннен аман шықпағанына ашулы.

– Үш күн міне, қатты маса болып жатыр. Өте қатты маса. Түнге дейін таң атқанша түтін салып жүреміз. Масадан өлді. Иттер тығылып жатыр, сарайдан шықпайды ешқайда, - деді.

Тұрғындар қажеттіліксіз далаға шықпайды, шыққан күннің өзінде қорғаныш құралдарын киіп қана масадан барынша қорғанады.

– 2 мезгіл уколға келуші елдім. Әрең келеміз құрттап, биттеп. Маса деген тура ауызға, мұрынға кіреді. Өзі демала алмай жүрміз. Аллергиямыз бар. Бұл не деген сұмдық. Жылда улап, жақсы болушы еді. Биыл тіптен сұмдық. Бала-шаға мүлде далаға шықпайды, - деді жергілікті тұрғын Жанат Самарова.

Алайда аудан әкімдігі улау жұмыстары жүргізіліп жатыр деп сендірді.

– Ақтоғай ауданының бюджетінен 1 млн 380 мың теңге ақша бөлінді. Ол ақшаның 510 мың теңгесі препарат сатып алуға, одан қалған 288 сомасы уландыру жұмыстарын жасауға бөлінді. Өтес ауылынан бастап, ауылдардың барлығында уландыру жұмыстарын бастадық. Бүгінгі күні төрт рет уландыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Ертең, бүрсүгіні Ақтоғайға тағы да жасайын деп жатырмыз, - деді Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Ермек Машрықов.

Еске салсақ, осыдан екі апта бұрын осы масадан Павлодар аймағында 100 шақты қаз қырылған.

Биыл жәндіктермен күреске 602 млн бөлінген. Бірақ одан еш нәтиже жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар