«Маңғышлақ - Ақтөбе» пойызындағы өрттен бес адам зардап шекті

cover

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі 2020 жылдың 14 желтоқсанында сағат 04:30-да «Маңғышлақ-Ақтөбе» бағыты бойынша жолаушылар пойызының жүк вагонында өрт шыққаны туралы хабарлады.

«Ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына түрлі ұйымдардан 30 адам, 7 арнайы техника және 1 өрт сөндіру пойызы жіберілген. Өрттің пойыздың басқа бөліктеріне таралуын болдырмау үшін жүк вагоны жолаушылар вагонынан шешіліп алынды. Өрт салдарыннан бес адамды түрлі дәрежеде күйік шалған, оның ішінде бір кішкентай бала бар. Зардап шеккендердің барлығы жүк вагонында болған. Жарақат алғандар Бейнеу орталық аймақтық ауруханасына жеткізілді», - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Болжам бойынша өрт  жүк вагонындағы газ баллонының жарылу салдарынан пайда болған.

«Сағат 07:19-да өрт сөндірілді. Вагон толығымен жанып кетті. Қазіргі уақытта өртенген вагон ішкі істер органдарының күштерімен қоршауға алынып, өрттің себептері мен жағдайларын анықтау үшін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу зертханасына жіберілді. Сағат 09:18-де жеңіл көліктер Ақтөбеге жөнелтілді», - деп қорытындылады Талғат Уәли.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар