Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

cover Фото: halqym.kz

Парламент Мәжілісіндегі үкімет сағаты бір минут үнсіздікпен басталды. Депутаттар 7 қараша күні болған Абай кенішіндегі қайғылы жағдайды осылай еске алды.

– Құрметті депутаттар, үкімет сағатына қатысушылар, баршаңыз білесіздер, Абай кенішінде бірнеше адам қаза тапты. Осы орайда бұл оқиға біз үшін өте өкінішті екенін айтқым келеді. Сондықтан қаза тапқандардың туыстарына, бауырларына көңіл айтамыз және бір минут үнсіздік жариялаймын, - деді Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қараша күні таңертең Абай кенішінде қайғылы жағдай орын алды. Салдарынан алты адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар