Мәскеудегі Сахаровтың көрмесін Назарбаев көрмесі ауыстырды

cover

Мәскеу билігі теориялық физик және Нобель сыйлығының лауреаты Андрей Сахаровтың жүз жылдығының қарсаңында көрме ұйымдастырмайтын болды. Оның орнына «Қазақстан - Еуразияның жүрегі» атты көрме болады.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Ресейлік «Дождь» басылымының хабарлауынша, академик Сахаровтың құрметіне арналған фотокөрме «Қазақстанның тарихы мен туристік әлеуетін көрсететін» басқа көрмеге ауыстырылды. Бөлек стенд Елбасыға арналса, тағы бір стенд «Қазақстан мен Ресей - уақыт сынынан өткен достық» деп аталады.

Ал Қазақстанның Ресейдегі елшілігі «мәскеулік студенттер Қазақстан туралы фотокөрмемен танысты» деген жаңалық жариялады. Олардың айтуынша, Мәскеудің орталығында, Чистопрудный бульварында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жеңіс күніне арналған фотокөрме өтіп жатыр.

– Көрмеде екі жақты 16 стенд орнатылған. Онда Нұрсұлтан Назарбаев қорының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Республика Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейінің архивтерінен алынған бірегей фотосуреттерін кездестіруге болады, - деп хабарлады елшілік.

Экспозицияны Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтының (ISAA) студенттері тамашалады.

Сахаров орталығы мерейтойды Чистопрудный бульварындағы «Андрей Дмитриевич Сахаров: үрей және үміт» фотокөрмесімен атап өтуді жоспарлаған.

Мәдениет басқармасы алдымен оны мақұлдап, 17 мамырда оған тыйым салған. Не себепті екені әлі белгісіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар