Мұхтар Керейбаев «Қазақстан инжинирингтің» басқарма төрағасы болып тағайындалды

cover

Мұхтар Керейбаев «Қазақстан инжиниринг Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Бұған дейін 2020 жылдан бастап «Қазақстан инжиниринг» АҚ басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Мұхтар Керейбаев 1964 жылы Семей облысында дүниеге келген. Алматы инженер және теміржол көлігі институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

1986-1991 жылдары Семей локомотив депосында ауысым шебері және өндіріс бастығы болып жұмыс істеді.

2000-2007 жылдары «Резерв» РМК Семей филиалында менеджер және басқарушы, «Балқаш» филиалының директоры, Астана қаласы бойынша «Резерв» РМК бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры қызметтерін атқарды.

2010-2015 жылдары «Тыныс» АҚ зауытының бас директорлық қызметте қос мақсаттағы өнім өндірумен және азаматтық өндіріспен айналысты. 2015-2017 жылдары Астана әкімдігінің бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарын басқарды.

2020 жылдан бастап «Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар