Мұғалімдерге 1 қаңтардан бастап сабақтан тыс жұмыстары үшін 17 697 теңге үстемақы қосылды

cover

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері 1 қаңтардан бастап сыныптан тыс жұмыстары үшін жалақы өсімін алуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалардың, мектептер мен колледждердің дене шынықтыру мұғалімдері үшін жаңа қосымша қаражат көзі құрылды. Енді олар айлықтарына 17 697 теңге көлемінде ай сайынғы үстемеақы алады. Сонымен қатар, дене шынықтыру мұғалімдерінің білім беру функционалдығы кеңейтіледі. Міндетті сабақтардан басқа олар қосымша, сыныптан тыс спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізуі керек», - деп жазды министр өзінің Instagram парақшасында.

Ол жұмыстан тыс уақытта түрлі спорт түрлеріне арналған спорт секцияларын өткізуге болатындығын айтты. Бұл оқушылардың сұранысы мен тілектеріне, сондай-ақ мамандардың қажетті спорт жабдықтарымен қамтылуына байланысты болады.

«Балаларды спорттық секцияларға, қосымша іс-шараларға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру - мәдениетінің кепілі болады. Бұл оқушыларды спортқа жақындатып, олардың денсаулығын нығайтады», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар