Лионель Месси Пеленің рекордын жаңартты

cover Фото: sports.ru

Пари Сен-Жермен (ПСЖ) шабуылшысы Лионель Месси аңызға айналған ойыншы бразилиялық Пеленің рекордын жаңартты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Аргентиналық футболшы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Боливия құрамасына қарсы ойынында есеп ашты. Месси үшін бұл Аргентина құрамасындағы 78-ші гол болды. Осылайша ол Пеле рекордын (77 гол) жаңартты.

Аргентина футболының аңызы қазір халықаралық үздік шабуылшылар тізімінде алтыншы орында тұр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар