«Қызметтік куәлік жойылды»: Әскери қызметкер алаяқтығы үшін сотталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе гарнизонының әскери соты алаяқтық жасады деп танылған бұрынғы капитанға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz.
Үкімге сәйкес оған кешкі уақытта ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынды.
Іс Атырау облысы Исатай ауданындағы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімде қызмет еткен Елнұр М-ға қатысты қаралды. Ол ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша — қызметтік өкілетін пайдаланып алаяқтық жасады деген айыппен кінәлі деп танылды. Сотталушы 1991 жылы Талдықорғанда туған, жоғары білімді, үйленген.
Үкім мәтінінде оның қандай алаяқтық әрекет жасағаны көрсетілмеген. Іс материалдары жарияланбайтыны атап өтілді. Тараптар процеске онлайн қатысқан. Сот отырысында жәбірленушілермен процестік келісім жасалғаны хабарланды.
Судья Айдана Мамбетқазиева «оған мемлекеттік әскери қызметте, судья ретінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және қаржы ұйымдарында қызмет ету құқығынан 5 жылға айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын» деп жариялады.
Үкімге сәйкес, оған пробациялық бақылау белгіленеді. Кешкі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарына және алкоголь сатылатын қоғамдық орындарға баруға тыйым салынды. Әскери атағы — капитан шенінен айырылды.
Тергеу барысында алынған қызметтік куәлігі жойылады. Заттай дәлелдеме ретінде тәркіленген iPhone 14 Pro сотталушыға қайтарылады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді