Қытайда басы дауға қалған блогер қыз Өзбекстанда да жігіттерге «қырыңдады»

Қазақстанда метрода жігіттерге қолын тигізіп контент түсіретін блогер Аружан Айбекованың Қытайда басы бәлеге қалған еді. Осы жолы ол Ташкент метросында өзбекстандық жігіттерге қолын тигізіп, пранк жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Аружанның әрекетін желі қолданушылары арандатушылық деп бағалады. Блогер бейтаныс жолаушылардың жанына отырып, қолына, аяғына қолын тигізген.
«Пранктің мақсаты түсініксіз. Бірақ өзбек сегментіндегі желі қолданушыларының ашуы анық байқалады. Себебі Ташкентте қоғамдық көлікте жыныстық емеурін таныту тақырыбы — әзіл көтермейтін мәселе деп жазады Өзбекстандық Vaib.uz басылымы.
Vaib.uz мәліметінше, мұндай әрекеттері үшін блогер бес тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.
Айта кетейік, блогер Instagram парақшасында Ташкент көшелерінде түсірілген өзге де «әлеуметтік эксперименттерін» жариялаған. Алайда аудитория мұндай контентті құптамады.
Айбекова шетелде де осындай дауларға іліккен болатын. Қытайда ол ұялы телефон ұрлығын көрсететін пранк түсірген. Сол сәтте жергілікті полиция тексеріс бастаған.
Блогер ол кезде жазаға тартылмағанымен, Қазақстанға оралған соң, оған полиция түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аружан көпшілік алдында кешірім сұрап, енді контент таңдауда мұқият болуға уәде берген еді.
Жаңалықтар
- Арыста кезекші дәрігер шырт ұйқыда жатқанда 4 жасар бала өліп қала жаздады
- Әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонады: Макрон қарусыз келген ұрыларға қатысты мәлімдеме жасады
- «Ескі Қазақстан» шенеуніктерінің жаңа орны: Неге Атамқұлов Ташкентке, ал Абаев Мәскеуге кетті?
- Қытайда басы дауға қалған блогер қыз Өзбекстанда да жігіттерге «қырыңдады»
- Мектеп оқушылары күзгі демалыста 7 күн демалады
- «Шынайы жанкүйерлер келеді»: «Қайрат» ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді
- Қазақстанның футбол клубтары қай бай-бағланның қолына өтеді?
- Аттың жалына байлап сүйреген Айзаттың өлімін тергеу «кездейсоқ жағдай» деп атады
- Астана соты 5 адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты
- Балалар бапкерінен Винисиусқа қарсы: «Бізге жеңіс керек» – Тапалов
- Алматыда таудағы жарыс кезінде 70 жастағы спортшы қайтыс болды
- Қытайда теңізге ұшақ құлады
- 2 млрд теңге жымқырған депутат қамауға алынды
- AZAL ұшақ апаты туралы Ресей жасырған шындықты айтқан жолаушы көз жұмды
- Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі тағайындалды
- Мыңдаған тонна Қазақстан пиязы Ресейде ұшты-күйлі жоғалды
- Абайдың «Бойы бұлғаң» әні Грэмми ұсынған әлемдік альбомға енді
- Қандай алаяқтық несиелер есептен шығарылады
- Қара халықтың «қанын қайнатқан» қолжетпес тариф кімнің қалтасын қампайтып жатыр?
- Air China ұшағында қол жүгінде жатқан литий батареясы жанып кетті